28
сентябрь
2018
"ФУТБОЛ САБАҒЫ" атты республикалық семинар
Өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын одан әрі қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 10 наурыздағы өкімін орындау мақсатында «Орта білім беру ұйымдарының 5-11 сыныптарында дене тәрбиесінің әр үшінші сағатына «Футбол сабағын» сынақтан өткізуге байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Қазақстанның футбол федерациясының қолдауымен (ШҚО бойынша сынаққа кірген 40 мектеп, соның ішінде Семей қаласының 5 мектебі) Семей қаласының №44 негізгі орта мектебі базасында оқу- әдістемелік және практикалық семинар өтті.
Семинарға ҚР БжҒМ «Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының» спорт шараларын өткізу зертханасының жетекшісі Сағдат Кабирұлы Садықов, ШҚО білім Басқармасының «Шығыс» Өңірлік орталығының әдіскері – Айдын Қалиханұлы Қуатов, Семей қаласының балалар-жасөспірімдер футбол орталығын дамыту бағдарламасының жетекшісі – Ефим Николаевич Германович, Семей қаласының футбол федерациясының менеджері – Станислав Лесив, Семей қаласының білім бөлімінің бас маманы – Меруерт Боранбайқызы Аженова қатысты.
Семинардың практикалық бөлімінде «Допты алып жүру және беру техникасы» (5 сынып), «Алаңдағы ойын техникасы» (7 сынып) тақырыптарына футболдан оқыту сабақтары өткізілді.

Семинар соңында барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының сертификаттары табысталды.