05
май
2018
„Достық біздің тірегіміз„ фестиваль
Мектебімізде 28 сәуір күні «Достық – біздің тірегіміз» атты 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған фестиваль өтті. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулығы, ынтымақтастығы, бірлігі туралы балалар өздерінің шаттық әндерімен билерінде көрсетті. Мектепшілік іс-шараға мектепалды даярлық топтары мен бастауыш сыныптары қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдеп-ғұрпын сыйлауға үйрету.