27
октябрь
2017
№44 ЖОББМ алғашқы ашық есік күні
№ 44 ЖОББМ 21.10.2017жылы ата – аналарға арналған ашық есік күні өтті. Ашық есік күні сағат 9.00 – де әр сыныптың ата – аналар жиналысымен басталып, мектепке экскурсия жасалып, сондай – ақ мектептің оқушылары мен ұстаздарының ұйымдастырылуымен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты. Осылайша мектеп тарихында алғаш рет ұйымдастырылған ашық есік күні ата – аналар мен мектеп ұжымының қатысуымен өткен флешмобпен аяқталды. Ашық есік күніне 400 жуық ата – ана қатысты.
Әр сыныпта сынып жетекшілері психологиялық тренингтер ұйымдастырып, ата – аналар жиналысын жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып өткізді. Бұның өзі ата – ананың мектеп өміріне деген терең қызығушылығын оятты. Ата – аналар мектептің материалдық базасымен таныса отырып, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді