18
январь
2018
Мектепішілік ата-аналар жиналысы-18.01.18ж
18.01.18ж күні біздің аялы мектебімізде сағат 17:30-да кезекті мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Әр сыныптан 3-4 ата-анадан қатысу талап етілді. Күн тәртібінде
1. „Балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу. /Профилактика детского дорожно-транспортного травматизма/„- аға лейтенант полиции Калимуллин Ильдар Николаевич.
2. „ҚР-ның оқу орындарында кәсіби бағдар беру„ тақырыбы бойынша /Профессиональная ориентация в учебных заведениях/„ а) Гуманитарлы-экономикалық колледж мұғалімі Ибраимова Айгерім Каирханқызы
ә) КРИС колледжі мұғалімі Қуанышқалиева Жанар Азимхановна өз оқу орындарын қысқаша бейнематериалдармен таныстырып кетті.
3. „Түлектерді нәтижелі жұмыспен қамту түрлері. /Продуктивная занятось выпускников (с приглашением работников соц.защиты)/„- жұмыспен қамту орталығының қызметкері Тілеубердинова Маржан өте маңызды ақпараттар берді.
4. „Балалардың жазғы демалысы ұйымдастыру. /Организация летного отдыха детей/„-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абышева Баян Бахытхановна таныстырды.
5. „Сандық білім беру ресурстарын пайдалану. /Использование цифровых образовательных ресурсов/„ тақырып аясында информатика мұғалімдері Есимжанова М.А. мен Қалиева Э.Е. а) Электронды цифрлық қолтаңба алу жолдары мен ЭЦҚ пайдалану; „ә) BILIMLAND.KZ, Itest.kz, Imektep.kz сайттарының қажеттілігін айта өтті.
6. Әр түрлі мәселелер. /Проблемные вопросы/-тақырыптары бойынша Семей қаласының білім бөлімінің методисті әрі біздің мектеп кураторы Амирханова Макия Кобентаевна сөз алды. Әр түрлі тақырыптар қарастырылды. Айта кететін болсақ, мектеп алдында орналасқан жолдағы жарық, латын альфавитінің білім жүйесіне енгізіуі, бес күндік оқу процесіне байланысты өз пікірлерін білдіріп жатты. Біздің ата-аналарды өте ауқымды сұрақтарды мазалайтыны қуантады.