08
январь
2018
Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі
Жуырда
06.01.2018ж күні „№44 ЖОББМ„ КММ-де тәрбиешілер
мен ұстаздар арасында тұңғыш мектепшілік
„Педагогикалық идеялар„ жәрмеңкесі өтті.
Оқушыларымызға тіл үйретіп, білім беру үшін мұғалім алдымен оқу үдерісінің дұрыс жүргізілуін жетік меңгеруі керек. Бұл тұста педагогикалық қабілеттілік пен ұстаздық өрелік қажет. Мұндай кәсібилікке бірден бір себеп болатын орта - мектеп.
Мазмұнды шараға 84 мұғалімнің ішінен 3-4 ұстаздан бірігіп, 1 топ құрап 5 минут арасында өздерінің идеяларын презентациямен қорғап шықты.
Мектепшілік педагогикалық идеялар жәрмеңкесін салтанатты түрде директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садыбекова Гульзира Аманбековна ұстаздар қауымын құттықтап: «Құрметті, барша жиылған қауым. Бүгін біздің мектепте алдағы 5 жылға мектеп тақырыбын таңдау мақсатында педагогикалық идеялар жәрмеңкесіне жиналып отырамыз. Қазіргі уақытқа дейінгі жетістіктер молшылық. Десек те атқарылған және атқарылмақ жұмыстар баршылық», - деп келген ұстаздарға сәттілік тіледі.
Мектепшілік педагогикалық идеялар жәрмеңкесі көптеген ауқымды тақырыптарды қамтыды. Бұл жәрмеңкеде «Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқушыларды ізденіске талпындырып, функционалдық сауаттылықтырын арттыру», „Білім жүйесіндегі қоғамдастықтың маңызы„ және «Оқытудың сапасын көтеру жолдары» деп аталатын тақырыптар бойынша барлық жәрмеңкеге қатысушылар рет-ретімен түрлі тақырыптарда өз баяндамаларын оқыды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды. Баяндамашылар баяндама барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, қызу талқылауға қатысты. Педагогтар жиын барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, мастер-класс көрсетіп, ой-пікір алмасты.
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!
Жылдан-жылға Жәрмеңкеге қатысушыларының саны арта берсін!