“Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік” атты тарих және өзін - өзі тану пәні әдістемелік бірлестігі апталығы
Апталықтың мақсаты:
-Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейде көтерілгенін, осы деңгейге жетудегі тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғаларды оқушыларға насихаттау. Тәуелсіздіктің 26 жылдығымен, Алаш Орданың 100 жылдығымен байланыстырыла өткен апталық жас ұрпақтың санасына ел тұтастығы мен бірлігінің, сонымен қатар татулығы мен тыныштығының негізі болатындығын оқушыларға жеткізу.- Оқушыларды Отанын сүйюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
- Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
- Бүгінгі заманға сай, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
11.12.2017жылы тарих және өзін өзі тану пәні апталығының салтанатты ашылуы өтті. Саптық тізіліс Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолында көрген қиындықтары мен жетістіктерін оқушылар өлеңдер және қара сөздер оқу арқылы жеткізді. Саптық жиын апталықтың жоспарымен, "Мәңгілік Ел - ұлттық идеясы”, "АлашОрда - 100” атты тақырыптық көрнекіліктермен жабдықталды. Сондай - ақ мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған қабырға газеттерін шығарды. Осы салтанатты жиында мектебізде "Жас қыран” және "Жас ұлан” ұйымының қабылдау рәсімі өтті.
12.12.2017жылы 6 «Ә» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі жас маман Маулеткадыров Саят Маратұлының ашық сабағы директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ауезханова Асемгуль Манановнаның қатысуымен өтті. Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасады, интерактивті тақтамен тапсырмалар орындады. Жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды. Әріптестері тарапынан жас маманның өткізген ашық сабағы жоғары бағаланды.
12.12.2017жылы 6
"Г” сыныбында өзін
- өзі тану пәнінен тәжірибелі ұстаз, пән
мұғалімі Тулугалиева
Мухадияс Мусатаевна «Бауырмалдық
және кішіпейілдік»тақырыбында
ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ директордың оқу-ісі жөніндегі
және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының
қатысуымен өтті. Сабақта оқушылар
топтық,
жұптық, жеке
жұмыстар
жасап, белсенділік танытты, интерактивті
тақтамен тапсырмалар орындады. Жаңа
технологиялық әдістер пайдаланылды.
Сабақ өте қызықты және жоғары деңгеде
өтті. Тақырыптың мазмұны толық ашылды.
13.12.2017жылы10
«А»
сыныпта
Қазақстан тарихы пәнінен«Моңғол
шапқыншылығы»тақырыбында
ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Нукенова
Тамаша Кадыркожаевна.
Ашық сабақта
оқушылар
топпен жұмыс жасады, оқытудың
инновациялық әдіс - тәсілдері тиімді
қолданылып, сабақ мазмұны ашылды.
13.12.2017жылы 6
сыныптар аралығында «Тәуелсіздіктің
тура жолы білімде» атты тарихи - танымдық
ойыны Қазақстан тарихы пәні бойынша
сыныптан тыс жұмысы ұйымдастырылып
өткізілді. Сыныптан тыс жұмыстың
сұрақтары Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігімен байланыстырылды.
13.12.2017жылы Саят Маратұлы өлкетану бағытында Семей қалалық өлкетану мұражайына 7 сынып оқушыларын саяхатқа апарды. Оқушылардың Семей қаласының тарихына деген қызығушылықтары басым.
14.12.2017жылы 6 «А» сыныбында дүниежүзі тарихы пәнінен «Кушан патшалығы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Сайдоллақызы Эльмира. Ашық сабақта оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері қолданылып, интерактивті тақта және карта пайдаланылды. Оқушылар сабақ барысында өздерін еркін ұстады, сұрақтарға жақсы жауап беріп отырды.
Пән
мұғалімі Нукенова Т.К. 8 - 10 сыныптар
арасында «Тәуелсіз елім - Қазақстан»
электронды презентациялардың мектепішілік
конкурсын ұйымдастырды.
15.12.2017жылы
апталықтың
қорытындысы шығарылып, апталық
кезінде белсенділік білдірген оқушылар
марапатталды. Сонымен
қатар Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен
салтанатты жиында 2017 - 2018 оқу жылының І
жартыжылдық бойынша жетістікке жеткен
ұстаздар қауымы мен оқушылар марапатталды.
Апталық
барысында
мектеп оқушылары Тәуелсіз
Қазақстанның тарихынан білімдерін
толықтырып,
жан-жақты мәліметтерге
талқылау
жасады. Ел болашағы бүгінгі жастар деген
Елбасы сөзін ұстанған
оқушылар Қазақстанның болашағы зор, әрі
әлем деңгейінде көк туымыздың
көрінетіндігіне сенетіндіктерін,
сондай-ақ осы белеске жетуде болашақ
жастардың үлесінің мол екенін айтып
өтті.
Мектеп
ұжымы мен оқушыларға әрқашан шығармашылық
пен толағай табыстар тілейміз.
Әдістеме
бірлестік жетекшісі Т.К.
Нукенова