25/12-27/12/2017ж аралығында біздің мектепте бастауыш сынып пен орта буын оқушыларына арналған жаңа жыл кештері өтті. Жаңа жыл қарсаңында бүлдіршіндеріміздің көңіл-күйін көтеріп, өздерінің жаңа жылдық ертегілерімен бізді қуантқан Абай театрының әртістеріне мың алғыс! Оқушылар мен ата-аналар ризашылықтарын білдіріп жатты.
29/12/17ж күні кәсіподақ шыршасы да қалыс қалмады. Кәсіподақ мүшелерінің жаңа жылдық шырша мерекелік іс-шаралары театр шыршасынан кем түспеді. Бір сөзбен айтқанда біздің мектептегі шырша мерекелері жоғары дәрежеде өтті. Ата-аналар, ұстаздар, оқушылар тамаша әсер алып, алғыстарын білдіріп, мерекеміз таусылмасын деген пікірлер айтып жатты.