19
сентябрь
2022
Тілдер апталығының ашылу салтанаты
🏫 Мектебімізде тілдер мерекесіне орай “Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз” тақырыбында бескүндіктің ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатында оқушылар үш тілде өнер көрсетіп, әуезді ән мен тартымды билерін көрермендерге тарту етті. М. Әуезовтың “Қарагөз” шығармасынан сахналық қойылым қойып көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Семей телеарнасынан түсірілім тобы келіп концерттік бағдарлама мен мектеп кітапханасында болған оқушылардың әдеби монтажын тамашалап, ұстаздар мен оқушылардан сұхбат алып қайтты.
