«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі » Основная общеобразовательная школа № 44
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"№44 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222)424099
Есепші бөлімі:
+7(7222) 301711
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі
13
февраль
2020

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі

«№ 44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Ақпан айының -1 аралығында өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілген «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі туралы ақпарат.


2020 жылғы 3 ақпаннан 13 ақпан аралығында Қазақстанның тұңғыш ханымы Сара Алпысқызының туған күніне арналған «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі өтті.   Онкүндік аясында  іс-шаралар жоспары құрастырылып, мектеп директорымен бекітілді.  Мектеп ұстаздары мен оқушылары онкүндіктің  жоспарымен таныстырылды. Онкүндіктің мақсаты: балаларды жақсылық жасауға үйрету, адамдарға махаббат пен қуаныш сыйлау, шығармашылық қабілеттерін , қиялдарын дамыту.

Онкүндіктің ашылуы 3 ақпан күні өткізілген салтанатты жиыннан басталды. Ашылу салтанаты  аясында мектеп ұстаздары мен  балаларға «Жүректен жүрекке» адамгершілік пен мейірімділік, сүйіспеншілік пен достық туралы түсініктер берілді. Өзін-өзі тану мұғалімі М.М.Тулеугалиева өзін-өзі тану оқулығының авторы Сара Алпысовнаның шығармашылық және қайырымдылық қызметі, құрметті марапаттары туралы айтып өтті. С.А.Назарбаеваның өмірі туралы шағын бейне ролик көрсетіліп оқушылар мен ұстаздар өз ойларымен бөлісті.  Балалар би билеп, ән айтып, суреттер салды. Әрі қарай, он күн бойы өткізілетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың тақырыптары аталды.

Әр күн оқушылар үшін жаңалық болды – олар өздерін басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасауда өздерін тұлға ретінде сезінді, өздерінің әрекеттерін пайымдады, өздерінің нәтижелерін болжады және бағалады, өздерінің шығармашылық жұмыстарымен бөлісті.

Онкүндік барысында келесі іс-шаралар өткізілді:

4 ақпан күні мектеп фойесінде «Мен және табиғат»; «Менің Отбасым»; «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыптарында оқушылардың сурет және қолөнер бұйымдарынан   шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. 

           Ақпанның 5- күні «Адам бойындағы асыл қасиет - сүйіспеншілік» атты оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Мұнда оқушылар жалпы адамгершілік құндылықтар әр адамға тиесілі, ол онымен бірге туады, оны айқындай және сезіне білу қажет екендігі туралы қосымша мағлұматтар алды. 

6 ақпан  күні мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. 

      Онкүндік аясында мектебіміздің жас мамандарымен «Менің педагогикалық шеберлігім» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

  8 ақпан күні 5 – 11 сыныптар арасында мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиадаға оқушылар ерікті түрде белсене қатысты. 

         Ақпанның 10 күні барлық сыныптарда «Отан»; «Сердце, наполненное любовью»; «Мектеп» «Табиғат»; «Отбасы»; «Әдептілік - әдемілік» тақырыптарында шығарма, эссе, өлең жазу, сурет салу  конкурсы өткізілді. Балалар конкурсқа жақсы дайындалды. Аналарының суреттерін салып әкелді. Конкурс жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.

11 ақпан күні пән мұғалімдері мен мектеп психологтарының ұйымдастыруымен 4 – 8 сыныптың   оқушыларымен «Жүректен жылу тартқан», 9 – 11 сыныптың оқушыларымен  «Мамандықтың бәрі жақсы» атты тренинг сабақтар өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, өздеріне қажетті мағлұматтарды толықтырды.           Мектебімізде 12-ақпан күні ерекше басталды – ол бірыңғай «Жақсы тілектер күні» онда ата-аналар, балалар, мұғалімдер бір біріне  жақсы тілектер айтты. Осы күні барлық сыныптарда «Әдептен озбайық», «Еңбекқорлық пен еріншектік», «Достасып үйренейік»,  «Адам жанының сұлулығы»  

«Мейірімділік-адам жүрегін жылытатын күн көзі» және т.б. тақырыптар бойынша бірыңғай ашық  сабақтар өткізілді.

Онкүндік барысында әлеуметтік қорғалмаған және мүгедек балаларды қолдау бойынша, көпбалалы, азқамтылған отбасындағы балаларға  «Мейірімді жүрек, жомарт қол»  қайырымдылық акциясы жарияланды. Акцияға мектеп ұстаздары мен кіші қызыметкерлер қатысты.   

Акция аясында оқушылар  сынып жетекшілерімен үйден оқитын балалардың үйлеріне барып  өздерінің махаббаттары мен қамқорлықтарымен бөлісті.  

13 ақпан күні мерекелік концертпен онкүндік аяқталды. «Өзін-өзі тану» онкүндігінің қорытындысы бойынша оқушылар осы пән өте маңызды екенін түсінді. Белсенділік танытқан оқушылар мен жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сол сияқты мақтау қағаздарымен шығармашылық өнер және әдемі суреттері үшін де оқушылар марапатталды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив