«Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға жағдай жасауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің іс - тәжірибесінен» тақырыбында қалалық семинар – практикум » Основная общеобразовательная школа № 44
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"№44 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222)424099
Есепші бөлімі:
+7(7222) 301711
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға жағдай жасауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің іс - тәжірибесінен» тақырыбында қалалық семинар – практикум
04
март
2024

«Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға жағдай жасауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің іс - тәжірибесінен» тақырыбында қалалық семинар – практикум

Семинар – практикумның мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу бағдарламаларын іске асыруда ерекше білімді қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктерін ескеру, педагогтардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, нормативтік құжаттармен танысу. Инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін директордың орынбасарларыы, пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-психологтар қатысты.
Семинарда Семей қаласы білім бөлімінің әдіскері Н.С. Байсарина «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету» тақырыбында сөз сөйледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жасалған жағдайлар туралы айтып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білімін қайталау, жалпылау және түзету, кедергісіз орта құру, балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық ұйымдастыру кезінде сараланған тәсілдің ерекшеліктеріне назар аударды.
Семинар – практикум барысында 9 “Ә” сыныбына қазақ әдебиеті пәнінен Б.Е. Байбатырова “Фариза - поэзия падишасы», 3 “Б” сыныбына қазақ тілі пәнінен Ж.Е. Ермухамедова “Бауыржан- батыр” тақырыбында ашық сабақтар көрсетті. Сондай-ақ педагог-психолог мамандар да өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салды. “Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ педагог- психолог, дирек

тордың инклюзивті оқыту жөніндегі орынбасары A.О. Акпамбаева "Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды психологиялық- педагогикалық қолдау" атты коучинг өткізді. «№44 ЖОББМ» КММ психолог-логопед Р.С Оразқанова., М.Қ. Рахымбек “Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану” тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив