14
февраль
2023
Мектебімізде Республикалық әдістемелік семинар өтті
«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» «№ 44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ базасында «Көкжиек-Горизонт» кітап баспасы және «Халықаралық сертификаттау мен біліктілік арттыру орталығы» қызметкерлерінің қатысуымен 5-11 сынып пән мұғалімдеріне арналған республикалық әдістемелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты орта мектепте білім беру сапасының артуына ықпал ету, оқулықтарды пайдалану, мазмұны мен тұжырымдарын түсінуде әдістемелік көмек көрсету, «Көкжиек-Горизонт» баспасының оқу әдебиеттерін таныстыруға бағытталған. Семинарға Абай облысына қарасты өңірлерден қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері, ағылшын тілі пәні мұғалімдерден 250 педагог қатысты. «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың» қазақ тілі пәні әдіскері Ж.К. Рахимбаева семинардың жалпы мақсатын, өту барысын таныстырып өтті. «Көкжиек - Горизонт» кітап баспасының қазақ тілі пәні әдіскері, авторлық топ мүшесі Юсуп Пархат Корабайұлы «Оқылым дағдысының сөйлесім әрекетінің басқа түрлерімен байланысы» тақырыбында таныстырылымын ұсынды. Электронды оқулықтарды білім беру үдерісінде қолдану әдістерін көрсетті. Орыс тілі пәні әдіскері Сырымбетова Ақмарал Бакытжановна «Взаимосвязь чтения с другими видами речи деятельности на уроках русского языка» тақырыбына тоқталып, педаготермен «Вызовы и тренды в образовании. Видение предмета «Русский язык и литература» бойынша топта тапсырмалар орындап, тәжірибе алмасты. Ағылшын пәні әдіскері Акышева Раиса Сериккажиевна «Classroom Activities for Teaching Moral Values» тақырыбында сөз сөйлеп, қатысушылармен топтық жұмыстар орындады. Сондай-ақ, электронды платформадағы «Көкжиек- Горизонт» баспасының кітаптары негізінде цифрландыру жұмыстары жасалды. Электронды оқулықтарды білім беру үдерісінде қолдану әдістері, мектеп оқулықтарын пайдаланудағы инновациялық технологиялардың маңызы топтық жұмыста талқыланды. Семинар соңында кері байланыста педагогтер семинардың танымды болғандығын атап өтіп, өз пәндерін жүргізуде құнды мәліметтер біліп, жаңа бағыт алып қайтты. Қатысушы педагогтерге сертификаттар табысталды.
