09
октябрь
2018
№44 ЖОББМ КММ «Үш тұғырлы тіл уақыт талабы» атты тілдер апталығы
Қыркүйек айының 17-і мен 28-і аралығында «Үш тұғырлы тіл уақыт талабы» атты (қазақ , орыс, ағылшын тілі) тілдер апталығы өтті. Апталықта ағылшын тілі мұғалімдері Сулейменова А.Ж. 7-8 сыныптар арасында «Do you now Great Britain» атты викториналық сұрақтармен ойын түрінде жарыс өткізді. Ал Ракишева Қ.Р. 6-7 сыныптар арасында викторина өткізді.Жеңімпаздар марапатталды. 1-ші орын 8 «Г» сынып оқушысы Шүкіманова Алуаға берілді.
Келесі күні ағылшын тілі мұғалімдері Шарахмедова А.Т. және Қарымсақова Э.Ж. «Halloween» мерекелік іс шара 9-шы және 5- ші сыныптар арасында өткізіп, сайыстағы әрбір киілген костюмдерге және көкөністерден жасалған композицияларға марапаттаулар берілді.
Сонымен бірге ағылшын тілі мұғалімі Каратаева А.М. 10-11 сыныптар арасында караоке ән сайысын өткізді. Жақсы ән айтқан оқушылар Игенбердиева Г. Және Ердешова С. Марапаттауларға ие болды. Қабырға газеті сайысы өтті, оған төменгі сыныптар өте белсене қатысып, өз қолдарымен салған суреттерінен конкурс ұйымдастырылды.
Келесі күні мектепішілік кітапханада Сулейменова А.Ж. мен Өзбеханова А.Ғ.6- 7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Мәнерлеп оқу сайысына белсене қатысқан 7 «Г» сынып оқушылары Тультаева Перизат, Омарова Аружан, Боранбаева Томирис, Шакирова Айсана, Даутбеков Дулат. Оқушыларға апталыққа белсене қатысқандары үшін ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Сонымен бірге оқушылар «Менің туған қалам» және «Тіл» туралы ағылшынша «My native town Semey» және «Language» тақырыптарына эссе жазды. 1- ші орынды 9 «В» сынып оқушысы Муратова Мадина, 2- ші орынды 8 «Ә» сынып оқушысы Мұратова Сабина және 3- ші орынды 8 «Г» сынып оқушылары Шалабаева Аяулым мен Шүкіманова Алуа иеленді.
7 «Г» сынып оқушылары апталыққа өте белсенді қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды. 8 «Ә» сынып оқушысы Мұратова Сабина тілдер апталығына өте белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Барлық сынып оқушылары апталыққа жұмыла белсенді қатысты.
ENGLISH LANGUAGE WEEK AT OUR SCHOOLWe spent a week of English at school. We had a quiz about "Do you now Great Britain” among 7-8 grades and we also celebrated "Halloween”. Karaoke was held on the 1st floor. Students actively participated. Students read poems in English.