Қалалық байқауларында жетістіктерге ие болды
Қалалық байқауларында жетістіктерге ие болды
2017-2018 оқу жылы № 44 мектептің жас мамандар мен олардың оқушыларының жетістіктерімен басталды. Қазақ тілі мұғалімі Парасатова Талшын қала деңгейде «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында өткен «Тіл шебері 2017» байқауына қатысып, үш тілді жетік меңгерген үшін алғыс хатпен марапатталды.
Музыка мұғалімі Нұрбек Ахметбекұлы Халықаралық «Тарбағатай жұлдыздары» байқауына қатысып, 2 орынға ие болды.
Сейсенғазықызы Перизат 4 «А» және 4 «Г» сынып оқушылары және олардың сынып жетекшілері Манбекова А.К. мен қалалық «Күз байлығы – 2017» атты байқауға қатысып, 4 «А» сыныбы «Бас жүлде» үздік мадақтамамен, ал 4 «Г» белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Қазақ тілі мұғалімі Б.Б.Қасымов