11
декабрь
2017
Жас Ұлан-2017
Мектебімізде 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымының қатарына 50 оқушы салтанатты түрде қабылданды. Мектептегі озат оқитын оқушылар мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын үздік оқушыларға арнайы галстук пен төсбелгіні мектебіміздің жас ұстаздары мен «Жас Ұлан» ұйымының қатарындағы оқушылар тақты. Жаңа қабылданып жатқан Жас Ұландықтар «Жас Ұлан» Антын қабылдап, ұраны мен әнін шырқады. «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданған оқушыларды мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ауезханова Асем Манановна құттықтады.

