Бобровка кентінде жаңа мектеп ашылды
Бобровка кентінде жаңа мектеп ашылды
02.09.2017 жылы Семей қаласындағы Бобровка кентінде 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Мектептің ашылуына ШҚО әкімінің орынбасары Асем Нусупова мен қала әкімі Салимов Ермак Бидахметович қатысты. Мектепте 54 оқу кабинетінің ішінде жаңа үлгідегі замануи кабинеттер бар: биология, химия, физика. Үш лингафонды кабинет, 2 ақпараттық технология мен 1 мультимедиялық кабинеттер оқушылардың мемлекеттік жалпы білім беру стандартын орындауға, білімдерін жетілдіруге арналған. Ұлдарға арналған ағаш және темір өңдейтін шеберханалар соңғы үлгідегі техникалық құралдармен жабдықталған. Қыздар қатысатын сабақтарда Ресейде шығарылған электрленген тігін машиналар мен ас әзірлеу бөлмесінде - электрлік плита мен қысқа толқынды пеш. Өте үлкен спортзал бір уақытта екі сыныпта сабақ жүргізуге мүмкіндік береді. Мұнда барлық спорттық инвентарьмен жабдықталған. Мектептің кітапханасында оқулықтар және кітаптармен қоса медиатеканың сандық ресурстармен жабдықталған. Оқу залында 20 орын, компьютерлік зонада – 4. Үлкен асханада 200 оқушы тамақтана алады, ал акт залында 300 оқушы көрермен бола алады.