23
ноябрь
2022
Мектебімізде асық ойынынан мектеп оқушылары арасында біріншілік өтті.
Дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен мектебімізде асық ойынынан мектеп оқушылары арасында біріншілік өтті. Ойыншылар "Бес табан" және "Бес тас" ойындары бойынша бақ сынасты. Жарысқа 183 оқушы қатысты. Жүлделі орын алған ойыншылар мақтау қағаздарымен және төсбелгілермен марапатталды.
