«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтар байқауы
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтар байқауы
15 ақпан күні 2020 жылы мектепте «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтар байқауы өтті. Бұл байқау жас педагогтардың шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау және педагогтардың инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында өткізіледі.
Байқауды өткізу міндеттеріне:
- талантты жас педагогтарды анықтау;
- педагог еңбегінің дәрежесін көтеру;
- жас педагогтардың инновациялық идеялары және түрлерді іздеу ісін жетілдіру;
- жас педагогтарды дәстүрлі мәдени-білім ортасына тарту;
-педагогикалық қауымға жас педагогтардың жетістіктерін тарату.
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» атты жас педагогтардың мектепішілік байқауына төмендегі жас мамандарқатысты.
- Баева Марина Владимировна – бастауыш сынып мұғалімі;
- Мейрамбай Кәусар Ерланқызы - бастауыш сынып мұғалімі;
- Сагадиева Мадина Адылхановна - бастауыш сынып мұғалімі;
- Касымов Бағдат Бағланұлы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
- Рахымбек Моншақ Куатовна - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
- Матай Альмира Базарбаевна – математика пәні мұғалімі;
- Сергиенко Марина Константиновна – көркем еңбек пәні мұғалімі;
- Калиханова Әсел Төлеубекқызы – физика пәні мұғалімі;
- Узгельдинова Гулмира Кабимоллаевна – география пәні мұғалімі;
- Орымбеков Елдар Талгатович – дене шынықтыру пәні мұғалімі;
- Қайратбекқызы Амангүл – мектепалды даярлық тобының мұғалімі;
- Өзбеханова Ақерке Ғалиқызы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
- Жумагадилова Айнагуль Аманқызы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахымбек М.К. І дәрежелі Диплом, бастауыш сынып мұғалімі Мейрамбай К.Е. ІІ дәрежелі Диплом, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Кайратбекқызы А.ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Басқа қатысушы жас мамандар сертификат алды.