29
март
2018
Жыл мұғалімі-2018!
Мектебімізде жыл сайынғы дәстүрлі "Жыл мұғалімі" байқауы өтті. Байқауға барлығы он төрт мұғалім қатысты. Байқаудың І кезеңінде мұғалім өзін-өзі таныстырып, жұмыс үлгісін көрсетті. ІІ кезеңде ережеге сай пән бойынша 10 минуттық ықшам сабақ көрсетілді. ІІІ кезеңде авторлық әдістемелік нұсқаулық көрсетілді. VІ кезеңде қатысушы ұстаздардың портфолиолары бағаланды. Байқау нәтижесінде математика пән мұғалімі Кутумбаева Айжан бас жүлдені, бастауыш сынып мұғалімі Мұратова Айнұр І орынды, дене шынықтыру пән мұғалімі Шакеров Ринат пен бастауыш сынып мұғалімі Еркінбекқызы Меруерт ІІ орынды, тарих пән мұғалімі Нукенова Тамаша мен география пән мұғалімі Кайсагалиева Сая ІІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!!!