07
декабрь
2023
“Педагогикалық идеялар” жәрмеңкесі
Фестивальдің мақсаты - педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсіруін ынталандыру.
Фестивальдің міндеттері:
- педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;
- білім беру кеңістігін ғылыми - әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;
- озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату;
- заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату;
- педагог мамандығының оң имиджін қалыптастыру;
- орта білім беру жүйесін жаңғартудың және тәжірибе алмасудың өзекті мәселелерін талқылау үшін пікірталас алаңдарын құру;
Мектеп ұстаздары фестивальге белсене қатысты. Озық тың идеялармен бөліскен ұстаздардың жұмыстары қалалық кезеңге ұсынылды.
Ұйымдастырушылар: “Озат” шығармашылық тобы
