"Сырлы бояулар сыр шертеді" атты қылқалам шеберлері байқауы
"Jarqyn Joly" республикалық ғылыми-ақпараттық, танымдық тәрбиелілік порталының ұйымдастыруымен өткен "Сырлы бояулар сыр шертеді" атты қылқалам шеберлері байқауында ерекше ізденімпаздығы, таланты мен дарындылығымен байқатып, сиқырлы сурет өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, жұмыстары үздік деп танылғаны үшін біздің мектебіміздің 5 "Б" сынып оқушылары Хан Диана мен Колонич Анастасия І орын Дипломдарымен марапатталды. Жетекшісі: технология пән мұғалімі Сергиенко Марина.