Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Мектебімізде тілдер мерекесіне орай "Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз" тақырыбында бескүндіктің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында оқушылар үш тілде өнер көрсетті. Семей телеарнасынан түсірілім тобы келіп, концерттік бағдарлама мен мектеп кітапханасында болған оқушылардың әдеби монтажын тамашалап, ұстаздар мен оқушылардан сұхбат алып қайтты.