«NOMAD MMA» облыстық ашық чемпионаты
4 ақпан күндері аралығында Семей қаласында орналасқан «Тарлан»спорт клубында қала бойынша аралас жекпе-жек түрлерінен (әуесқой нұсқа) «NOMAD MMA» облыстық ашық чемпионаты болып өтті.
Турнирге 10 спорттық команда қатысты. Олар «Жастар», «Аспан», «NOMAD», „Әскер„, «Боевое самбо»спорттық клубтарының командалары мен №38 және №44 жалпы орта білім беру мектептерінің командалары. Жалпы аталмыш шараға 150 жас спортсмендер қатысты.
№44 орта мектебінің оқушылары Чемпионаттың қорытындысы бойынша келесідей нәтижеге қол жеткізді:
57+ килограмм салмағында 2 орындарды Амиргалиев Бекжан - 7„А„сынып оқушысы;
50 килограмм салмағында 2 орындарды Сарқыт Сұлтан - 8„Ә„сынып оқушысы;
52 килограмм салмағында 2 орындарды Орынбаев Ерасыл - 8„В„сынып оқушысы;
45 килограмм салмағында 1 орындарды Серікбаев Асқар - 8„Ә„сынып оқушысы;
32 килограмм салмағында 2 орындарды Дүйсенбаев Асет - 5„А„сынып оқушысы;
28 килограмм салмағында 1 орындарды Абилов Алимжан - 2„Б„сынып оқушысы иеленді.