Семинар тақырыбы: «Сабаққа өзіндік талдау жасау»
Тақырыбы: «Сабаққа өзіндік талдау жасау»
Мақсаты: Мұғалімдерге сабақтағы рефлексия жайлы, оның түрлері, әдістері, жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау. Оқушылардың көңіл-күйіне, сабақтағы іс-әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Коучингте ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру барысында
1. Бір адам бойындағы бір қасиетті айтайды, екінші адам соңғы әріптен жалғастырады. Мысалы: Мен әдемі, ілтипатты, т.с.с
2.Топқа бөлу. «Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы топқа бөліну.
Ой қозғау «Wordwall» платформасы арқылы ұяшықтарды таңдайды.Сұрақтарға жауап беріп,топпен бірге жұмыс атқарылды.
Рефлексия түрлері, әдістері туралы мәлімет беру. (Слайд бойынша)
Сергіту сәті. Әр топқа өлең беріледі. Берілген өлеңді әр түрлі жанрда орындап шығады.
Топтық жұмыс. Әр топ үш түрлі тапсырма беріледі. Әр топ өз ойларын ортаға салып, постер қорғайды.
Кері байланыс: «Портрет» әдісі. Көңіл-күйін, семинардан алған әсерін сипаттайды.Ұйымдастырушы: Құлжабекова Г.М
